JSN Epic - шаблон joomla Авто
ru | kz | en

Жас ғалымдар бас қосты

Алматы университетінің «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Конференцияны ашу рәсімінде Алматы университетінің ректоры Бауыржан Құлжабаеве еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға алғыс білдірді.

Педагогика ғылымының дамуы жолында аянбай еңбек еткен, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жолмұхан Түрікпенұлы да конференцияға қатысушы студенттерге сәттілік тілеп, шараны ұйымдастыруға негіз болған университет басшылығына, «Студенттік ғылыми қоғам» ұйымына алғысын жеткізді.

Конференцияның көркін жас баяндамашылар қыздырды. Семей қаласынан келген, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Әйгерім Әбілманова «Бала психологиясына қазіргі жаңа технологиялардың әсері», Алматы университетінің 3 курс студенті Ұлдай Құнназарова «Дарынды балаларды тәрбиелеуде әсер ететін факторлар», І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Жайна Турсынбаева «Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады.

Конференция «Педагогика және психология, мектепке дейінгі білім берудің педагогикасы саласындағы білім және ғылыми зерттеулер», «Жаратылыстану ғылымының өзекті мәелелері», «Филология: бүгін және ертең», «Тарихты зерделеу мен зерттеудің инновациялық жаңашыл әдістері», «Құқық жүйесін реформалау – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі», «Экономика ғылымының даму перспективасы және оның мәселелері» атты секциялық отырыста да жалғасын тапты.

Жас ғалымдардың да айтары бар екендігіне конференция барысында көз жеткіздік. Конференцияның қорытынды жиынында үздік баяндама жасаған жас ғалымдар бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерге ғылыми бағыт берген оқытушыларға университет ректоры атынан Алғыс хат табысталды.

Алмас НАЙМАНБАЙ.
Алматы университетінің ғалым хатшысы.

Октябрь 2019
16
Среда
03:48
Joomla календарь

Лицензия

Лицензия Университета на право преподования на территории РК

Просмотреть

Кафедра «Бизнеса и права»

Ultimate Browsers Support Целью кафедры «Бизнеса и права»  является обеспечение высокого уровня подготовки бакалавров специальностей 5В030100-«Юриспруденция», 5В050600-«Экономика», 5В050800-«Учет и аудит», 5В050900-«Финансы», 5В05010-«Государственное и местное управление», 5В020100-«Туризм», 5В090100–«Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта», отвечающих требованиям современных стандартов.

Подробнее...

Кафедра «Педагогических специальностей»

Native RTL SupportКафедра педагогических специальностей уделяет большое внимание научной организации учебного процесса, ориентируясь при этом на те требования, которые выдвигаются рынком. Кафедра располагает современными образовательными программами, методическими разработками, включающими широкое использование современных персональных компьютеров и мультимедиа технологий.

Подробнее...

Go to top